Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың сөзінше, мемлекеттік кірістер комитеті той шығындарын тексеруді бастады .
Егер адамның тойға жұмсаған ақшасы табысымен сәйкес келмесе, салық органдары тексереді. Енді салықшылар осы шығындардың қайдан шыққанын анықтамақ.
Алайда, халық той жасау үшін несие алады, ұзақ жылдар бойы жинаған ақшасын жұмсайды. Мұны қалай дәлелдер екен?