What are you looking for?

Астанада 1000 бауырсақ таратылды

20.03.2025

Елорда әкімдігі Байқоңыр ауданында 1000 бауырсақ таратылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Әз-Наурыз мейрамы молшылықтың бастауы. Ұлттық құндылықтарымыз жаңғырып, қазақы дастарханның молшылығы мен ұлттық тағамдарымыз көпке ұсынылатын мереке.

Осыған орай, аудан тұрғындары мен қала қонақтарына ыстық бауырсақ таратылды. Тұрғындар мерекелік құттықтауларын жолдады.

лл

Айта кетейік, 14 наурызда Наурызнаманың онкүндігі басталды. Осы 10 күн ішінде Астанада мерекеге орай 200-ден астам ауқымды іс-шара – концерттер, көрмелер, спектакльдер, шығармашылық кештер және т.б. өтіп жатыр.

Ал 21-22 наурыз күні елорданың қалалық алаңында, «Қазақ елі» және «Бәйтерек» монументтерінің жанында, «Астана Арена» стадионы мен ЭКСПО алаңының аумағында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен негізгі мерекелік концерттер өтеді.

пп

Social Link

Follow Me On Social Media