What are you looking for?

Халыққа қызмет көрсету орталықтары Наурыз мейрамы кезінде қалай жұмыс істейді

20.03.2025

"Азаматтарға арналған үкімет" Наурыз мейрамын тойлау кезінде халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейтінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ мемлекеттік корпорацияға сілтеме жасап.

"Азаматтарға арналған үкімет" ақпаратына сәйкес, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары 21, 22, 23 және 24 наурызда жұмыс істемейді.

Сейсенбі, 25 наурызда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезекшілер отырады. Келген азаматтар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылданады.

Кезекші ХҚКО мен және арнайы ХҚКО-ның өзекті тізімімен мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан немесе 1414 телефоны арқылы білуге болады.

Social Link

Follow Me On Social Media