What are you looking for?

«Бұл – жалған»: Арманжан Байтасов Райымбек Баталовқа қатысты тағы бір жазба жариялады

20.03.2025

Белгілі медиа магнат Арманжан Байтасов Баталовпен қарым-қатынасы жөнінде жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Соңғы 24 сағат ішінде БАҚ-та менің Райымбек Баталовпен жанжалдасып қалдым деген ақпарат тарауда. Бұл жалған екенін айтқым келеді.

Райымбек Баталов — менің ең жақын досым. Біздің достығымызға 30 жылдан асты, осы уақыт ішінде біздің арамызда бірде-бір рет жанжал болмаған. Сонымен қатар, бізде ешқашан бірлескен бизнес болмағанын хабарлаймын», — деді А.Байтасов.

Кәсіпкер оқырмандарына арандатушылыққа ермеуін сұрады.

«Егер біздің арамызда мәселе болатын болса, менде оның телефон нөмірі бар, кез келген уақытта хабарласа аламын. Сондай-ақ, біз көп жылдан бері көршіміз, үйлеріміз бір-біріне жақын, Райымбекке бірдеңе айту керек болса, онымен әлеуметтік желі арқылы араласуға тырыспай, көзбе-көз айтатын едім. Арандатушылыққа берілмеңіз, ақпаратты тек сенімді көздерден алыңыз! Баршаңызға Наурыз мерекесі құтты болсын!», — деп аяқтады ол.

Social Link

Follow Me On Social Media