What are you looking for?

Қазақстанда мемқызметтегі басшылық лауазымдардың 39% әйелдер атқарады

06.03.2025

Бүгінде елде мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ін әйелдер атқарып отыр, деп хабарлайды 24kz.

Парламентте 28 әйел депутат бар, бұл жалпы депутаттар санының 19%-ке жуығы. Мәслихаттарда әйелдердің үлесі 22,7%-ке жетті. Барлық 21 министрлік ішінде Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Мәдениет және ақпарат министрліктерін әйел басқарады. Сонымен қатар 8 вице-министр, 3 аппарат басшысы бар. 14 мемлекеттік органда 6 әйел басшылық қызмет атқарады. Ел бойынша судья әйелдердің жалпы саны 1 248 адам, яғни, 53%. Үкімет әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға да көп көңіл бөлуде. Шағын және орта бизнес иелерінің құрылымында әйел кәсіпкерлердің үлесі 48%-ке жеткен. Қазақстан гендерлік теңдікті нығайту және әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою саясатын жүйелі түрде жалғастыруда.

«Құқықтық база нығайтылып, әйелдердің физикалық, интеллектуалдық және рухани-адамгершілік дамуына қажетті жағдайлар жасалып келеді», — делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Social Link

Follow Me On Social Media