What are you looking for?

«Хабар» арнасында «Қазыналы мереке» телемарафоны өтті

21.03.2025

«Хабар» телеарнасының тікелей эфирі арқылы бес мыңнан астам қазақстандық жақындарын Наурыз мейрамымен құттықтауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды 24kz.

Мерекелік телемарафон үш сағатқа жалғасты. Осы уақыт ішінде жүргізушілер, тілшілер мен қонақтар әлемнің әр түкпірінде «Наурыз» мейрамын қалай тойлайтынын әңгімеледі. Сондай-ақ ән мен жыр төгіліп, мың бұралған бишілер өнер көрсетті. Ұлттық тағамдар дайындалды. Франция, Германия, АҚШ және басқа да елдердегі тілшілер тікелей эфирге қосылды. Телемарафонның басты сыйы – Наурыз туралы мультфильм мен роботтың құттықтау сөзі болды.

Social Link

Follow Me On Social Media