What are you looking for?

СҚО-да соңғы екі жылда 46 мәдени нысанға күрделі жөндеу жасалды

22.03.2025

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі жылда 46 мәдени нысанға күрделі жөндеу жасалды .

Биыл бұл саланы дамытуға 15 жарым млрд теңге қаражат бөлініп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы құрылтайда өңірлердегі театр өнерін дамытып, жаңа ғимараттар салу жөнінде тапсырма берді

Біржан Есжанов, Ақан сері атындағы облыстық филармонияның көркемдік жетекшісі:

- Президентіміздің мына әр аймақта театрларды салып, солардың дамуына көп мән беріңдер дегенінің өзі бір үлкен ойды білдіреді. Себебі біз осы ұлттық дәстүрімізді, ән-күйімізді дәріптейтін театрларды салуымыз керек. Қазақтың болмысы осы өнерінде ғой. Домбырасында, күйінде, әнінде, жырында. Соны дәріптейтін театрлар кемде-кем. Сол біздің өңірге ауадай қажет.

Спартак Рамазанов, Н. Погодин атындағы орыс драма театрының директоры:

- Біздің өңірде 3 бірдей театр бар. Қазақ театрды жаңа ғимаратта. Орыс театрында да жылдан жылға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қуыршақ театры бар. Онда да жағдай жаман емес. Мына кейбір өңірлерде бір ғимараттың ішінде 2-3 театр отырғандар бар. Соларға жағдай жасауға ықпал етеді деп ойлаймын.

Social Link

Follow Me On Social Media