What are you looking for?

Биыл елде 4 жаңа су қоймасы салынады

06.03.2025

Елде судың «қара нарығымен» күрес күшейтілді, деп хабарлайды 24kz.

Президент пәрменінің тиісті деңгейде орындалуын су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті жүзеге асырып отыр. Жұмыс тобы өткен жылы ел аумағында тіршілік нәрін заңсыз пайдаланудың 268 жағдайын анықтады. Құзырлы органдар құқық бұзушыларды жауапқа тартып, әкімшілік іс қозғалған. Бұл туралы бүгін Су ресурстары және ирригация министрлігінің алқа отырысында айтылды. Жылдық қорытынды жиында алдағы жоба-жоспарлар талқыланды. Биыл өңірлерде 4 жаңа су қоймасын салу көзделіп отыр. Қолданыстағы тағы 4 нысан толық жаңғыртудан өтеді. Мұнымен қоса, 6 облыстағы 115 каналды жаңарту қарастырылған.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

- Енді суды пайдалану үшін кәсіпорынға арнайы келісімді алу үшін міндетті түрде іс-шаралар жоспарын өткізеді. Ол жерде міндетті түрде көрсету керек. Суды ол қалай қолданады. Тек қана осы тараптар болғанда арнайы рұқсаты беріледі бассейндік инспектор тарапынан.

Social Link

Follow Me On Social Media