What are you looking for?

Түркияда наурыз ресми мереке болады

22.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Түркияда Наурыз мерекесі тұңғыш рет ресми мейрам ретінде аталып өтетін болды. Мұндай мәлімдемені мерекелік жиынға қатысқан ел Президенті Режеп Тайып Ердоған жасады. Ол 21-наурыз күнін Түркі халықтарының бірлігі және көктем мейрамы ретінде атап өту үшін Парламентке тиісті заң жобасын қабылдауды ұсынатынын айтты. Бұл жаңалықты жергілікті тұрғындар қуана қабылдады. Бұған дейін тек бейресми аталып келген Наурыз мейрамы енді мемлекеттік деңгейде тойланады.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

Наурыз ортақ мәдениетіміз, ортақ тарихымыз және ортақ көңіліміздің ең маңызды нышаны. Наурыздың бұл құндылықтарын арттыра түсу қажет. Бірқатар түркі мемлекеттерінде ресми мереке ретінде аталып өтетін Наурызды барлығымыз бірге тойлайтын уақыт келді.

Сема Зеһра Жаналтай, Түркияда тұратын қазақ:

Бүгін Президентіміздің қатысуымен күшті Наруызды құттықтадық Ыстанбулда. Президентіміз өзі бұдан кейін ресми байрам деп саналады деп айтты. Бұрында бұлай құттықтамаған. Ресми байрам болып құттықтауы бәріміз үшін қуаныш.

Айдос Әшімұлы

Social Link

Follow Me On Social Media