What are you looking for?

Бүкіләлемдік «Жер сағаты» экоакциясы өтіп жатыр

22.03.2025

Бүгін бүкіләлемдік «Жер сағаты» экоакциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Науқанға қатысушылар сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін жарық шамдарын өшіреді. Осы арқылы электр қуатының қолданылуын қысқартып, табиғатқа келетін зиянның залалын азайтуға ниетті.

Бізде де акцияға атсалысқан қарашаның қарасы қалың. Мәселен, бас шаһарда 50-ден аса нысанның жарығы өшті. Оның ішінде Ақорда, Бәйтерек монументі, Бас мешіт бар. Сондай-ақ оңтүстік астанамыз Алматы қаласында да Көктөбе телемұнарасы мен қалалық мекемелердің жарығы сөнді. Қалған өңірлерде де осылай. Бас-аяғы 20 аймақта 500-ден астам мемлекеттік мекемеде электр қуаты ажыратылды.

Айгерім Жиенбек, «Жер елшісі» жобасының қатысушысы:

- «Жер сағаты» акциясы жабайы жануарлар қорымен ұйымдастырылған. Ол бүкіләлемдік акция болып келеді. Қазақстан да оған қатысады. Әртүрлі ғимараттарда шамдар өшеді. Бұл экологиялық мәселелерге назар аудартуға керек акция болып саналады.

Самира Иманғалиева, «Жер елшісі» жобасының қатысушысы:

- Бұл акцияның басты мақсаты – бұл осындай жаһандық климаттың өзгеру проблемасына назар аудару. Біздің табиғат ресурстарымыз, сонымен қатар басқа да энергия көздерін сақтауға бағытталған бүкіл әлем бойынша. Бұл акция неге өткізіледі? Себебі осындай күрделі, өзекті проблемаларға бүкіл мемлекеттердің азаматтары, тұрғындары осындай акцияға қатысып, өзінің үлесін қосса деген үмітпен жасалынады.

Social Link

Follow Me On Social Media