Тазару күніне орай Жетісу облысында өткен сенбілікке 15 мыңнан астам адам қатысты.
Мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар мен тұрғындар өз елді мекендерінде жаппай тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде аймақтағы 141 саябақ пен аллеялар ағаш жапырақтарынан тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. 1300 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Ол үшін 180-нен астам арнайы техника жұмылдырылды. Айта кетейік, бұл қар көбесі сөгіліп, күн жылынғалы өңірде өткізілген санитарлық шаралардың ең ауқымдысы.
Гүлбақыт Қасен, Талдықорған қаласының тұрғыны:
- Бала күнімізден көк шыға бастағаннан бастап қолымызға құралымызды алып, ауламызды тазалап, бақшамызды тазалап, ауылымыздың таза болуына үлес қосып өскен ұрпақпыз ғой. Әр адамның өз үйінен басталатын тазалық барша ауыл, аудан, қала осылай өзіміз үлес қоссақ біз тазалықтың не екенін болашақ ұрпаққа көрсете аламыз үлгі ретінде.