Қостанай облысында тасқын суын қауіпсіз өткізу үшін 18 гидротехникалық құрылыс жөнделді. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады , деп жазады Egemen.kz.
Сонымен қатар, өңірдің 21 елді мекенін су тасқынынан қорғау үшін бөгет құрылысы аяқталған. Мәселен, Қостанай облысының 9 ауданы мен Рудный қаласында бөгеттер салынған. Ал Жангелдин ауданының Шеген, Сарысу және Тауыш ауылдарында бұл бағыттағы жұмыстарды таяу арада аяқтау жоспарланған.
«Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы ірі су қоймаларының жұмыс кестесін бекітті. Су құрылыстарында тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр», деді Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Темірлан Әбдіқұлов.