What are you looking for?

Түркістан облысында құны ₸200 млрд-тан асатын жоба іске қосылады

24.03.2025

Түркістан облысындағы Тұран арнайы экономикалық аймағында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі инвестициялық жоба іске қосылады , деп хабарлайды 24KZ. Құны 200 миллиард теңгеден асатын жоба туралы бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов, Қытай компаниясының басшысы Чжан Цихаймен кездесуі барысында айтылды.

Мұндай ауқымды жоба мақта агроөнеркәсібі кешенін қалыптастыруға бағытталған. Ол 4 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды көздейді. Кездесу барысында Чжан Цихай қазан айында дайын өнімнің алғашқы өндірісін іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлады. Олжас Бектенов жобаның маңызын атап, Түркістан өңірі елдің мақта өсіретін жалғыз аймағы екенін айтты.

Social Link

Follow Me On Social Media