What are you looking for?

"Бәрі бітті, осылай сорлап қаламын деп ойладым": Айнұр Тұрсынбаева бұрынғы күйеулерімен ажырасу себебін алғаш рет айтты

27.03.2025

Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева бұрынғы некесі туралы ел білмейтін құпияны алғаш рет жариялады.

Ол жеке өміріне қатысты тың дерекпен желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Айтыскер ақын Instagram желісіндегі Stories бөлімінде жеке өмірі жайлы жан сырын ақтарды.

«2016 жылы осы Меккеге ең ауыр халде келгенмін. Ажырасу, үлкен қарыз, тығырыққа тіреліп, ауыр депрессияда жүрдім. Дәл осы жерде домалап жылап жатып: «Аллахым, берушілерден қылшы, мені қуантшы, саған түк емес қой мені қуанту» деп жылағанмын…

Бірақ дұғам қабыл болады деген сенім 0 болды. Бәрі бітті, енді осылай сорлап қаламын деп ойладым. Есіме түссе, кеудем қысылып кетеді… Алладан көп нәрсе сұрадым ғой…

Бизнес басатайын десем көк тиын жоқ, тұрып жатқан пәтерден басқа сататын дымым жоқ, айтыста қара тізімге кіргізіп тастады, тойларға қыз ұзатуға 200-300 мың теңгеге шығып жүрдім. Оның өзінде ажырасқансың деп тойға да көп шақырмайтын…Қолымнан түк келмейді, не істеймін деп тығырыққа тірелдім де қалдым…», — деп ағынан жарылды ақын.

Social Link

Follow Me On Social Media