What are you looking for?

Толассыз жауын: Боливияда төтенше жағдай жарияланды

27.03.2025

Боливияның басым бөлігінде ақ жауын селдетті. 100 мыңнан аса тұрғын үй-күйсіз қалып, елдің 3 бірдей аймағында төтенше жағдай жарияланды. «Рейтерс» агенттігінің мәліметі бойынша 50-ден аса адам опат болды.

Толассыз жауынның салдарынан жергілікті өзендер ернеуінен тасып, 200-ден аса елді мекенді топан су басқан. Табиғи апаттан үйлер мен жолдар бүлініп, егістік алқапты су шайып кеткен. Қазір апат салдарын жоюға әскерилер жұмылдырылды. Ахуал әсіресе Бени, Чукисака, Ла-Пас және Санта-Крусте қиын. Синоптиктер болса алдағы уақытта әлі жаңбыр жауады деп ескертеді.

Social Link

Follow Me On Social Media