What are you looking for?

Трамп мәлімдемесінен кейін кореялық автоөндірушілердің акциялары құлдырады

27.03.2025

Оңтүстік Кореядағы ірі автоөндірушілер – Hyundai мен Kia акциялары күрт құлдырады, деп хабарлайды 24kz.

Азия нарығындағы бұл жағдайға Дональд Трамптың соңғы мәлімдемесі түрткі болған. АҚШ президенті елге импортталатын көліктерге 25%-тік баж салығын енгізетінін жария етті. Америка – Оңтүстік Корея үшін маңызды нарықтың бірі. Былтыр елден экспортталған темір тұлпарлардың шамамен жартысы АҚШ-та сатылған. Содан жергілікті өндірушілер 34 миллиард доллар табыс тапқан. Ақ үй басшысының жария еткен тарифтері келесі аптада күшіне ену керек. Трамп әкімшілігінің түсіндіруінше, бұл америкалық автомобиль өнеркәсібін қолдау үшін жасалып отыр. Бастама ел экономикасына жылына 100 миллиард долларға дейін табыс әкелуі мүмкін.

Social Link

Follow Me On Social Media