What are you looking for?

Оралда ер адам есірткіге мас күйде көлік тізгіндеген

27.03.2025

Оралда есірткіге мас күйде көлік тізгіндеген жүргізуші ұсталды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы Полиция департаменті қызметкерлері Самара — Шымкент тасжолында Lada 2170 көлігін тоқтатты. Бөрлі ауданының 30 жастағы тұрғынын медициналық куәландырудан өткізу кезінде каннабиноид түріндегі есірткіге мас екені анықталған.

"Тексеріс барысында ер адам бұрын 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Ұсталған адамға қатысты соталды тергеу басталды. Көлік арнайы автотұраққа қойылды", — деп жазылған хабарламада.

Бұл әрекет үшін белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Айта кетейік, 2025 жылдың басынан бері Батыс Қазақстан облысында көлік жүргізу құқығынан айырылған адамдар мас күйде көлік тізгіндеген 40 дерек тіркелген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media