Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жас жұбайларды өлтіріп кеткен. Қылмыстық іс-қозғалып, қылмысты жасады деген күдікті қамауға алынған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға 21 наурызда болған. ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Сот оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", — деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Ведомствоның баспасөз қызметі бұл іс ШҚО полиция департаментінің жеке бақылауында екенін мәлімдеді.