What are you looking for?

Жамбыл облысының тұрғындары жер сілкінісін сезді

28.03.2025

Түнде Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ жер асты дүмпуін 28 наурызда Астана уақытымен сағат 03:42-де тіркеген.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан", — деп жазылған хабарламада.

Жамбыл облысы аумағында былай сезілген:

Есеп бойынша қарқыны:

  • Меркеде 5.0 б.;
  • Құланда 4.0 б.;
  • Шуда 2.0 б.;
  • Төле биде 2.0 б.;
  • Сарыкемерде 2.0 б.;
  • Таразда 2.0 б.;
  • Қордайда 2.0 б.;
  • Асада 2.0 б.;
  • Мойынқұмда 2.0 б.

ТЖМ мәліметінше, зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық сейсмологтар Қытай аумағындағы жер сілкінісін тіркеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Social Link

Follow Me On Social Media