Илон Маск АҚШ-тың мемлекеттік шығынын 1 трлн долларға қысқартпақ .
Бұл туралы миллиардер «Фоксньюс» телеарнасына берген сұхбаты барысында мәлімдеді. Қазір Америка үкіметінің шығыны 7 трлн долларға жетеді. Илон Масктың сөзінше, осыған дейін биліктегілер бюджет қаржысын оңды-солды жұмсап келді. Мәселен, Мемлекеттік тиімділік департаменті таяуда интернет-сауалнамаға 1 млрд доллар кеткенін анықтаған. Миллиардер қазынаға жөнсіз қол сұқпай, ақша ақылмен жұмсалса, сауалнаманы жүргізуге бас-аяғы 10 мың доллар кетер еді деп есептейді. Ең қызығы, сауалнаманың нәтижесі еш жерде қолданылмаған екен. Миллиардер осындай шығындарды қысқарту арқылы әлеуметтік жобаларға басымдық берілетінін айтты.