What are you looking for?

ШҚО-да бұрынғы полицей кәмелетке толмағандарға зорлық жасады деген күдікке ілінді

28.03.2025

Шығыс Қазақстан облысында полицияның бұрынғы қызметкері кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді ШҚО полиция департаменті.

Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Social Link

Follow Me On Social Media