What are you looking for?

AlmatyFair.ai көрмесі өтіп жатыр

29.03.2025

Елде 2029 жылға дейін жасанды интеллект шешімдерінің экспорты 5 миллиард долларға ұлғайтылады .

Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан AlmatyFair.ai көрмесінде айтылды. Шара жетекші IT-компаниялар, стартаптар мен білікті мамандарды біріктірді.

Көрмеге қойылған стартап жобаның бірі — колтуекшн эй ай деп аталады. 2019 жылы пайда болған бағдарлама кадр бөлімі, яғни HR қызметкерінің жұмысын алмастырады. Қазақстандық қыз-жігіттеросы бағытта былтырдан бері АҚШ-та жұмыс істеп келеді.

Әйгерім Жусекенова, бағдарламашы:

- Біздің программистеріміз, жұмысшыларымыз Силиконовая долина жақта отырады. Орналасқан. Клиенттеріміз АҚШ-та орналасқан. Бұл Колтуекшн эй-ай қараңыз сұранбайды, ауырмайды. Толықтай күні-түні 24 сағат жұмсыс істейді. Біздің колтуекшн эй-ай қазіргі таңда логистика саласында жұмыс жасайды. Ол жерде үлкен компанаиялар бір күннің ішінде 100 вакансия табуы қажет. Сондықтан оларға біздің роботты қолданған тиімді болып табылады.

Расында жасанды интеллект біздің өмірге мықтап енді. Оны одан әрі дамыту үшін елде инфрақұрылым жасалып жатыр. Мысалы биыл alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады деп жоспарланған. Жалпы халықаралық зерттеуге сәйкес, 2030 жылға қарай AI-дің жаһандық экономикаға қосар үлесі 20 трлн долларға жетуі мүмкін. Қазақстан бұл үдерісте өз технологиясын дамытуды көздейді. Ал мұндай көрме осы сала мамандарың бірігуіне жол ашады.

Данабек Қалиаждаров, Astana Hub бас директорының кеңесшісі:

- Нетворкинг дейді бір бірін танып ол да пайдылы клоди плей қалай Зимбабве нарығына шықты деген өте қызық сұрақ және ол басқа компанияларға да өте пайдалы. Ол деген үлкен жетістік деп ойлаймын 1100 мектеп Зимбабведе оңай келе салатын нәрсе емес бірақ оның арқасында Қазақстан; Өзбекстанның басқа старпаптары сол жаққа кіріп кетуі де мүмкін. Сонықтан бұл өте маңызды.

Көрме барысында Astana Hub пен Өзбекстанның IT паркі меморандумға қол қойды. Бұдан былай қос тарап жасанды интеллект бойынша стартап жобаларды Орталық Азия брендімен Қытай нарығына шығарады. Стартап-экожүйелерді дамытады. Инвестиция тартады.

Жаһангер Нарбатов, IT Park Uzbekistan бөлім басшысы:

- Бұл біріккен хаб болады. Біз былтырдан бері бірігіп жұмыс істеп жатырмыз. Нәтижесі жаман емес. Енді өнімдерімізді Қытайдың Шанхай инновейшн хабына ұсынатын боламыз. Әзірге 10 жобаны таңдап алдық. Бесеуі Қазақстандікі, бесеуі біздің елдікі.

Оған қоса цифрлық дәуірдегі сын-қатерлер, жасанды интеллектінің келуімен мамандықтардың өзгеруі, «ақылды қала» тұжырымдамасы сияқты тақырыптар көрмеде кеңінен талқыланды. Ал ертең стартаптар арасында питч-баттл – AI Startup Showdown болады. Мұнда командалар 10 000 АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қоры мен Кремний алқабында өтетін Hero Training Program акселераторына қатысу үшін сайысады.

Қарлығаш Қайыпбекова, Сердан Жұмабаев

Social Link

Follow Me On Social Media