What are you looking for?

«Ел мүддесі үшін от пен суға түскенім үшін сатқын болғаным ба»: Тасмағамбетов өзін айыптағандарға жауап берді (видео)

30.03.2025

Әлеуметтік желіде айыптауларға тап болған ҰҚШҰ төрағасы Иманғали Тасмағамбетов қазақстандықтарға мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кейбір желі қолданушылары Тасмағамбетовтың Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы қызметі мен елге деген адалдығына күмән келтірген еді. Кейбірі оны «ресейшіл», «сатқын» деп те айыптады.

Тасмағамбетов осыған қатысты пікірін білдірді.

“Ақиқат тек көзге көрінетін дүние емес, ол жүрекпен сезіліп, ардың таразысына салынады. Әлеуметтік желі жауапсыздық пен жалған ақпараттың тез тарауына жол ашады. Азаматтарды ар алдындағы жауапкершілікті ұмытпауға шақырамын”, – деді ол.

Тасмағамбетов ҰҚШҰ-дағы қызметін де Қазақстанның қауіпсіздігі мен ел мүддесін қорғауға арнағанын айтты. Сондай-ақ елі үшін кез келген сынаққа төзу – өзіне мәртебе екенін жеткізді.

«Кейбір бақытсыз жандар мені «ресейшіл», «орысшыл» деп қаралап жүр. Келіссөздің күші емес, зымыранның мысы басып тұрған заманда, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына туған елімнің атынан барып, мемлекеттің мүддесі үшін от пен суға түскенім үшін сатқын болғаным ба?.. Қадірімді білмегендердің арасында еңсемді түсіргім келмейді. Жалған сөз – жара, ал ар – шындықтың қалқаны», – деді ол.

Social Link

Follow Me On Social Media