Бостонда (АҚШ) мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтті. Михаил Шайдоров күміс медаль жеңіп алып, Қазақстан мәнерлеп сырғанау тарихында маңызды жетістікке қол жеткізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шайдоров сенімді өнер көрсетіп, қысқа және еркін бағдарламаларда жоғары деңгейде көзге түсті. Оның жалпы ұпай саны — 287.
"Бұл – Қазақстан мәнерлеп сырғанау тарихындағы үшінші медаль. Бұған дейін Денис Тен әлем чемпионатында 2013 жылы күміс, ал 2015 жылы қола медаль иеленген еді", — деп жазылған хабарламада.
Бұл – Михаил үшін маусымдағы екінші ірі жеңісі. Бұған дейін ол төрт құрлық чемпионатында топ жарып, 2015 жылы дәл осы жарыста жеңіске жеткен Денис Теннің жетістігін қайталаған еді.
Енді ол ресми түрде Олимпиада жолдамасына ие болып, Миланда Қазақстан намысын қорғайды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!