Атырау облысында жыл басынан бері 31 адам қызылша жұқтырған.
Олардың дені Атырауда тіркелді. Бір науқас Махамбет ауданынан анықталды.
Дегенмен, мамандар эпидемиологиялық ахуалдың тұрақты екенін мәлімдеді. Себебі былтыр дәл осы кезеңде 2 мыңға жуық адам ауру жұқтырып, жағдай ушыққан еді. Жалпы дерт балалар арасында көп таралған. Мамандар қызылшаның алдын алу үшін міндетті түрде екпе салу керегін айтады. Қазір өңірде осыған байланысты үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр.
Гүлназ Ербатырова, санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары:
- Ұжымдасқан ұйымдарда, әсіресе мектептерде ата-аналар, әсіресе теріс ағымда әр түрлі бар ғой, діни наным-сенімдеріне сәйкес, отказ беретін, бас тартатын. Соған діни басқармалармен бірлесіп, осы барлық мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен, ата-ана комитеттерімен жиналыстар өткізіп, санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілуде.