What are you looking for?

Қ.Тоқаев пен Н.Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

31.03.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты қарсы алудан кейін Словения Президенті Наташа Пирц-Мусармен шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Алдымен мәртебелі мейманға ілтипат білдірді. Оның сапары екі ел серіктестігін тереңдетуге септігін тигізіп, кең мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты. Словенияның Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестициясының көлемі 200 миллион долларға жуықтаған. Еліміздегі фармацевтика, машина жасау, телекоммуникация және жаңартылатын энергия көздері салаларында Словения капиталының үлесі бар 19 компания кәсібін табысты жүргізіп келеді. Бұдан бөлек қос ел көлік-логистика, цифрландыру және инновация, денсаулық сақтау, туризм бағыттарында өзара серіктестікті арттыруға әлеуеті зор.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Словениямен тығыз ынтымақтастық құруға ниеттіміз. Бұл анық. Президент ретінде өзара мүддемізге сай келетін барлық саладағы байланысты нығайтуға күш-жігерімді саламын. Біз Словенияны Қазақстанның Балқан түбегіндегі негізгі және өте маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастырамыз. Сіздің елдің бизнес өкілдеріне және үкіметіңізге бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз.

Ал Словения Президенті өзіне және делегациясына қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығын жеткізді. Экономикалық ықпалдастық артып келе жтқанына тоқталып, бұдан да зор жетістіктерге жетуге ниетті екенін айтты. Келіссөз барысында тараптар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жан-жақты пікір алмасты.

Наташа Пирц-Мусар, Словения президенті:

– Дипломатиялық қарым-қатынас орнаған 33 жыл ішінде екі ел арасында бірде бір шешілмеген мәселе болған емес. Мұның экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, өркендетуге мол мүмкіндік беретінін дұрыс атап өттіңіз. Сондықтан өзіммен бірге бизнес өкілдерінің үлкен делегациясын алып келдім. Олар қазақстандық әріптестермен бірге серіктестікті ілгерілетуге қатысты бағыттарды талқылап жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media