What are you looking for?

«Roboland-2025» халықаралық фестивалі өтті

31.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Қарағандыда дәстүрлі «RoboLand-2025» халықаралық фестивалі өтті. Жас өнертапқыштар бәсекесіне Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Болгария, Ресей және Қазақстаннан 750 адам қатысты. Олар инженерия, инновация, жасанды интеллект саласындағы тың жобаларын ұсынды. 10-шы рет өткізіліп жатқан бәсекеде сайыстар саны да артып келеді. Биыл қазақтың ұлттық ойындары да қосылып, қатысушылар 23 санат бойынша бақ сынады.

Есбол Арынов, сайыстың бас төрешісі:

Өткен жылмен салыстыратын болсақ, биыл жаңа санаттар қосылды. Өткен жылы теңге алу болса биыл садақ атуды қостық. Жастар қазақтың ұлттық ойынын білсін деген мақсатта дәріптеу мақсатында ұйымдастырып отырмыз.

Жандос Бақытұлы

Social Link

Follow Me On Social Media