What are you looking for?

«Күйеу балаларыммен араласпаймын»: Абай Бегей көңілін қалдырғандарды кешірмейтінін айтты

07.03.2025

Танымал әнші Абай Бегей актёр Тәуекел Мүслімге берген сұхбатында күйеу балаларымен қарым-қатынасы туралы айтты.

«Қызым тұрмысқа шығамын дегенде бірден келісімімді бердім. Содан кейін қызым күйеу баламен таныстырғысы келді. Ал мен қызыма: Егер күйеу бала маған ұнамай қалса, шықпай қаласың ба?, дедім. Ол маған шығамын, соны қаладым, деді. Онда маған көрсетпе дедім. Ұзату тойын 700 адамға істедім. Күйеу баланы сол кезде көріп, амандастым. Сонымен болды. Әлі күнге дейін күйеу балаларыма телефон соқпаймын, жақын араласпаймын. Маған бір адам ұнамай қалса, кейін ол адаммен араласа алмай қаламын. Сол себепті тойдан кейін қызыма: Күйеу баланы маған жамандама дедім», — деп ағынан жарылды әнші.

Ал желі қолданушылары болса, әншінің бұл ісін құптамады.

«Не деген тәкаппарлық», «Бұл — өзімішлідік! Ата-ана қызының кез келген таңдауын қолдау керек», «Нағыз әке қызына таңдау жасатпайды», «Әкесіне неге ұнау керек?», «Тәкаппарлық басымдау болып тұр», деп жазды олар.

фото: ә

Social Link

Follow Me On Social Media