What are you looking for?

Ұлттық құрылтай: Жаңа бастамалар мен мүмкіндіктерге жол ашады

31.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ұлттық Құрылтайда «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жекеменшік мектептерге де енгізу туралы ұсыныс Президент тарапынан қолдау тапты. Енді жаңарған құжат «Адал азамат» деп өзгертіледі. Жобаның түпкі мақсаты – отаншыл, жасампаз ұрпақ тәрбиелеу. Жиында қаузалған өзге де әлеуметтік мәселелер ел аузында.

Серік Жетпісқалиев, балалар жазушысы:

Ұлттық тәрбиені, жалпы тәрбиені, әрине, кейінге қалдыруға болмайды. Шын мәнісінде балаларға, әсіресе ұлттық тәрбие беруде өзіміздің қазағымыздың қалпын тәрбиелеуді қолға алғанымыз әбден дұрыс деп ойлаймын. Оның үстіне елімізде қолайсыз мектептер немесе үш ауысымда оқып жатқан мектептердің қысқаруы, азаюы, сондай-ақ мынау жайлы мектептердің салынуы деген үлкен бір жетістік.

Бақыт-Махмұд Жаңбырбаев, Жетісай қаласының тұрғыны:

Осы биылғы жылды еңбек жылы, еңбекшілерге арналған, жастарға, кәсіби еңбекшілерге арналған деген әңгімесі өте қатты ұнады. Егер де шын мәнінде еңбекті қолға алып, оларға жағдай жасап жастарға, соларды шоғырландырып алып, оларға бағыт бағдар беріп және бір жерге топтастырудың өзі ол үлкен мәселе болады. Сол мәселелердің барлығы егжей-тегжейлі қаралды. Мыне осы жері маған қатты ұнады.

Есім Дауылбай, Амангелді ауданының тұрғыны:

Батысқа салатын жолды көргеннен кейін, естігеннен кейін қуанып жатырмыз. Бұл болашаққа, елге, жұртқа, бәріне қай жағынан алса да алға прогресс деп айтады ғой, сол алдыға сүйрейтін локомотивтың біреуі болады деп есептеймін. Жастардың болашағы жарқын болады.

Мәдина Нағашыбай

Social Link

Follow Me On Social Media