Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алды деген күдіктінің қолынан суық қаруын суырып алып, батылдық танытқан ер адамның кім екені белгілі болды . "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов батыл қимылдаған жігіт туысы екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бүгін, 7 наурызда Алматы әуежайында болған оқыс жағдайдың видеосы желіде тарады. Осыдан кейін "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов Instagram желісінде видео бөлісіп, әуежайда жұмыс істейтін қызды құтқарған ер адам өз туысы екенін айтты.
"Бейбіт күннің батыры! Әкемнің інісі – Мұса! Бір мақтанып қояйыншы", — деп жазған әнші stories-те.