Алматы облысының құтқарушылары балаларға төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шараларын үйретті, деп хабарлайды 24KZ. Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері туралы айтты .
Қалалық жағажайда өткен жиынға мектеп оқушылары қатысты. Олар «Құтқарушылар балалардың көзімен» атты сурет байқауында бақ сынады. Қызметтік иттердің қатысуымен өткен көріністі тамашалады. Арнайы техникалар көрмесіне қойылған құрал-жабдықтармен танысты. Құтқарушылардың айтуынша, мұндай шаралар қауіпсіздік мәдениетін арттырып, балалардың қатысуымен болатын оқыс оқиғалардың алдын алуға көмектеседі.
Салтанат Мұратова, оқушы:
- Өрт сөндіру бөлімінде болдық. Қалай өртті сөндіретінін көрсетті. Өте жақсы шара деп санаймын. Оқушыларға ол қажетті деп ойлаймын. Оқушыларға өте қызық және танымды болды деп ойлаймын. Көп рақмет.
Related items