Синоптиктер бүгін, 31 мамырда Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматыда бүгін күн бұлтты болады. Ауа температурасы күндіз 24 градусқа дейін көтерілсе, түнде 14 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,0 м/с-қа дейін жетеді.
Астанада аздап жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 27 градусқа дейін жылыса, түнде 16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 10,0 м/с.
Шымкентте бүгін күн ашық болады. Күндіз термометр бағаны 31 градусқа дейін көтерілсе, түнде 15 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8,7 м/с болады.