What are you looking for?

Ақмола облысында диқандар алқапқа дән сеуіп болды

03.06.2025

Ақмола облысында диқандар алқапқа дән сеуіп болды. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 5,2 миллион гектар алқапқа егілді.

Көктемгі егіс жұмыстары шамамен 20 күнге созылды. Осы көктемде майлы дақылдарға бет бұрған шаруашылықтар көп. Мәселен зеренділік шаруа 14 мың гектар егістік алқабының 9 мыңына зығыр мен жасымық еккен.

Асқар Қортаев, шаруа:

Біз осы жылы мамырдың басында бастадық егістікті. Сол ерте бастағанымыз оңды болды. Майлы дақылдарды біз 2800 га маңайында ектік, лен ектік, 5300 гектар сол, сонымен қатар жұмыс жасап жатырмыз. Всходтар бәрі жақсы.

Егіс науқанына биыл 37 мың ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды. Сондай-ақ диқандарға 76 мың тоннадан артық жанармай арзандатылған бағамен жеткізілді. Мемлекеттің қолдауының арқасында биыл көктемгі егіс жұмыстарына қаржы ерте бөлінді. Қаржы институттары арқылы 100 млрд астам сомаға 778 шаруа арзан несие алған.

Нұрбек Бадырақов, облыстық а/ш басқармасының басшысы:

Біз биыл 336 мың тонна тыңайтқыштарды енгізуді жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда Ақмола облысында 145 мың тоннаға жуық минералды тыңайтқыштарды енгізілді. Қалған көлемін алдағы уақытта күзге дейін осы тыңайтқыштарды беру жоспарланып отыр.

Бибінұр Әмірханқызы

Social Link

Follow Me On Social Media