Түркістанда мемлекеттік рәміздер күніне орай «Туған жерім менің – Қазақстаным» атты облыстық патриоттар форумы өтті.
Форумға мемлекеттік қызметшілер, әскерилер, Ассамблея мүшелері мен студент жастар қатысты. Жиында жастардың патриоттық рухын көтеру, елге-жерге деген сүйіспеншілігін арттыру және мемлекеттік рәміздерді ардақтау туралы тағлымды әңгімелер айтылды. Республикалық және халықаралық деңгейде жетістікке жеткен жастардың еңбегі үлгі ретінде көрсетілді. Шара соңында ғылым-білім, мәдениет пен өнер, медицина мен спорт, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, технология мен бизнес саласында адал қызмет етіп жүрген жандар марапатталады. Олардың арасында бүгінгі күннің батырлары да бар.
Жандос Сапарбеков, патрульдік полиция батальонының инспекторы:
- Қызмет атқару барысында көлік құралының жан айнасынан қараған кезде түтін байқадым. Басында көліктің суы қайнап жатқан шығар деп ойладым. Алайда көліктердің дабылы басыла бастады. Көлік құралының тұйықталғанын түсініп, көліктен түсіп, бажды ашып, өрт сөндіруші құралын алып, өшірген болатынбыз. Біздің конституциямызда көрсетілгендей елдің басты байлығы халқы, халқының денсаулығы. Мен болмасам да басқа да полиция қызметкері болсын, басқа да азаматтар болсын, әр адамның міндеті деп ойлаймын.
Related items