Батыс Қазақстан облысындағы ауылда бес бала көмірқышқыл газынан уланып, қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 4 маусымда күндіз Сырым ауданындағы Жымпиты ауылында болған, деп хабарлайды "Мой город" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алдын ала болжам бойынша, бес бала көмірқышқыл газынан уланып қайтыс болған.
"Балалардың барлығы тыныстамай жатқан күйі жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер бар күш-жігерін салғанымен, балаларды аман алып қалу мүмкін болмады", — деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасынан.
Кейін Сырым ауданының әкімдігі сағат 15:00 шамасында Жымпиты ауылында тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскенін мәлімдеді. Жану өнімдерінен улану белгілері бар бір жастан алты жасқа дейінгі бес бала өрт орнынан ес-түссіз күйде аудандық ауруханаға жеткізілген. Бір отбасының бес баласы да ес жимастан ауруханада қайтыс болды.
Отбасының 35 жастағы әкесі МКҚК "Демалыс орталығында" қараушы болып, ал анасы жергілікті дүкенде жұмыс істейді. Бес балалы отбасы жалдамалы пәтерде тұрған. Өрт кезінде ата-анасы жұмыста болған.