What are you looking for?

"Маскасы шешілді, маған жала жапты": Асхат Садырбай баласына алимент төлеуге міндеттеген бұрынғы әйелі туралы

05.06.2025

Танымал тележүргізуші Асхат Садырбай мен оның бұрынғы әйелінің арасындағы дау әлі де шешілер емес.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Тележурналист өз ойын желідегі парақшасында білдірді.

«Ақиқат жеңді! Өтіріктің құйрығы бір ақ тұтам. Маған жала жауып, ел алдында қаралағысы келгендердің бүгін туы құлап, позициялары тас-талқан болды. Жалған ақпаратты жалаулатып тапқан нандарың сіңімді болсын! Ал құрбан ролін ойнағандардың маскасы шешілді. Сөз жүзінде емес іс жүзінде!

Иә, құрметті оқырман, бүгін менің жеке басыма айтылған жалған ақпараттар, ар-намысым мен іскерлік беделіме нұқсан келтіру бойынша бірнеше айға созылған сот аяқталды. Жауапкер Қорабаева А. менің және менің отбасыма қатысты айтқан ақпараттардың біреуіне де дәлел бере алмады. Тіпті соттың бір сұрағына “өзім ойдан айта салдым” деген сыңайда жауап берді. Біреуге күлкі, біреуге өсек шығар. Бірақ бұл адамның өмірі мен тағдыры. Ақпараттық шабуыл маған және менің отбасыма ауыр тиді. Бұл сот болмас та еді. Алайда өтіріктің үстіне өтірік қосылып үдей берді. Ал, менің мақсатым біреуді соттау емес, өзімнің кінәсіз екенімді амалсыздан заң жүзінде дәлелдеу еді. Тіпті моральдық шығын да қажет емес, медиациямен шешейік дегенде де жауапкер тарап басында басқа сөйлеп, кейін қайтадан өз әдеттеріне салып кері кетті. Тіпті сот отырысына камера алып келіп шоу жасағысы келді.

Қысқасы осымен тамам! Алдағы уақытта соттың ресми шешімін және қосымша ақпараттарды толық жариялаймын! Қолдаған жандарға мың алғыс. Аман болыңыздар!», — деп жазды ол.

Журналисттің бұрынғы әйелі болса осы оқиғаға қатысты өз ойын білдірді.

«Кешегі Асхат Садырбайдың постына жауап беруіме тура келіп отыр.Ақиқат жеңді деп жазып қойыпты. Алайда сот процесінің маған түсініксіз тұстары көп болды.

Себебі :

Social Link

Follow Me On Social Media