Газа секторының денсаулық сақтау саласындағы жағдай қиын. Атыс-шабыс салдарынан өңірде екі-ақ аурухана қалған, деп хабарлайды 24kz.
Соның өзі алдағы уақытта жұмысын тоқтатуы мүмкін. Өйткені дәрі-дәрмек пен медициналық жабдық тапшы. Себебі сырттан келетін көмек әлі дұрыс жеткізілмей тұр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері хабарлайды. 3 апта бұрын Израиль әскері Газада жаңа ауқымды әскери операциясын бастаған еді. Салдарынан атыс-шабыс үдей түскен. Тиісінше жарақат алып, ауруханаға түсіп жатқандар саны да артқан.