Испаниялық теннисші Рафаэль Надальдың ракеткасы рекордтық сомаға сатылды. Онымен 2017 жылғы Ролан Гаррос турнирінің финалында ойнаған. Babolat ракеткасы аукционда 157,3 мың долларға бағаланды. Надаль сол бәсекеде швейцариялық Стэн Вавринканы 6:2, 6:3, 6:1 есебімен жеңген болатын. ESPN мәліметіне қарағанда, бұрынғы рекордтық нәтиже де испаниялық теннисшіге тиесілі. 2023 жылы оның тағы бір ракеткасы 139,7 мың долларға өткен еді. Онымен Надаль 2022 жылы Аустралия ашық чемпионатында ойнаған.
Айта кетейік, «Үлкен дулыға» турнирлерінің 22 дүркін чемпионы Рафаэль Надаль спорттық мансабын 2024 жылы Дэвис кубогы кезінде аяқтады.
Асылбек Данияр