What are you looking for?

Қазақстан ғарыш аппараттарын экспорттайды

12.06.2025

Қазақстан Моңғолия мен Конго үшін KazSTSat типі бойынша спутниктер әзірлеу жөнінде уағдаласты. Алдағы уақытта осы елдердің және отандық жер серіктерінің арасында ақпарат алмасу қамтамасыз етіледі. Бұл халықаралық жер серіктері топтамасын құруға және ғарыштық мониторингтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жайында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясы делегацияларымен кездесуде айтты. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан мен Солтүстік Кипр парламенттерінің спикерлері Ұлттық ғарыш орталығына барып, апараттарды құрастыру-сынау кешенінің жұмысымен танысты.

Орталық Азияда баламасы жоқ бұл кешен 100 келіден 6 тоннаға дейінгі салмақтағы ғарыш аппараттарын құрастыруға, ұшу алдындағы дайындыққа және толық сынақ циклынан өткізуге арналған. Отандық мамандар жоғары дәлдікті жабдықтарды пайдалана отырып, ғарыш аппараттарының компоненттері мен басқа салаларға арналған қосалқы бөлшектерді дайындайды. Соның ішінде экспортқа да әзірлейді. Сонымен қатар OTS-Sat нано-санатты ғылыми ғарыш аппаратының жасалуына қатысты әзірлемелер таныстырылды. Бұл Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің бірлескен жобасы. Қазіргі уақытта аппарат пен оның қосалқы жүйелерінің жобасы аяқталып, компоненттерді сатып алу және қосалқы жүйелерді жинау жұмыстары жүріп жатыр. Оптикалық пайдалы жүктемені жасау және оны сынақтан өткізу аяқталды.

Social Link

Follow Me On Social Media