Солтүстік Ирландияда иммигранттарға қарсы шерулер басылар емес. Баллимина қаласында басталған тәртіпсіздіктер Портадаун қаласына жетті. Қарсылық акциясының басталуына 14-жасар екі жасөспірімнің өздерімен жасты қызды зорлауға әрекеттеніп, тұтқындалып, сотқа жеткізілуі себепші. Румын тілінен аудармашыны қажет еткен айыпталушылар өздеріне тағылған кінәні жоққа шығарып отыр. Демонстрация кезінде шерушілер полицейлерге отты шөлмектер, кірпіш пен петардалар лақтырды. Ал тәртіп сақшылары оларды тарату үшін резина оқ жаудырып, су шашқан. Сонымен қатар қақтығыста кейбір үй мен машина өртеліп, қаупсіздік күштерінің 41 қызметкері жараланды .
Арыстан Рысбек