What are you looking for?

Шұғыл: Иран мен Израиль шиеленісі күшейіп келеді

13.06.2025

«Израильдің шабуылы Иранның келіссөздерді тоқтатуына себеп болады», – дейді халықаралық шолушы Тогрул Исмаил. Оның айтуынша, аймақта шиеленістің жаңа кезеңі басталды және ол алдағы күндері күшейе түсуі мүмкін. Бұл Иранның жауабына байланысты болады. Тегеран қазірдің өзінде қарулы күштер толық жауынгерлік дайындықта екенін және жақын арада өз соққыларын жасайтынын мәлімдеді.

Иранның хабарлауынша, израильдік шабуылдардың мақсаты шенеуніктер мен жоғары дәрежелі әскерилердің үйлері болды. Оқиға салдарынан қаза тапқандар бар. Осы уақытта Израильде «ерекше төтенше жағдай» режимі енгізілді. Билік Иранның қарымта шабуылына дайындалып жатыр.

Тогрул Исмаил, халықаралық шолушы:

- Иран үшін бұл шабуыл келіссөздерді тоқтатуға себеп. Бірақ Иран келіссөздер процесін жалғастырады деп үміттенейік. Дегенмен, менің ойымша, егер назар аударатын болсақ, Иранның ядролық бағдарламасымен және қару-жарақ өндірісімен байланысты нысандарға нақты соққы жасалды. Сондықтан, менің ойымша, бұл соққылардың бірнеше толқыны белгілі бір шиеленісті тудырады. Содан кейін келіссөздер жүргізудің мән-мақсаты бар ма, жоқ па – оны айту өте қиын.

Social Link

Follow Me On Social Media