Израиль Иранның ядролық нысандарын тағы атқылады. «Өр арыстан» әскери операциясына Моссад барлау қызметі қолдау көрсеткен. Еврей әскері Натанц, Исфахан, Фордоу ядролық нысандарымен бірге Иранның бас штабы ғимараттарын соққылады.
Шабуыл нәтижесінде жоғары лауазымды тұлғалар мен командир Хоссейн Салами, бас штаб бастығы Мохаммед Багери қаза тапты. Сондай-ақ тағы бірнеше беделді ядролық ғалым мерт болған. Иран келтірген мәліметке сүйенсек, текетірес кезінде 78 адам қаза тауып, 230-дан астамы жарақат алды.