What are you looking for?

Маңғыстауда өртеніп жатқан көлік жарылып кетті (видео)

15.06.2025

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында көлік өртенді. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгеннен кейін көлік жарылып кеткен. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды өңірлік ТЖД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Istagram желісіндегі cenzura_aktau паблигінде Бейнеу ауылындағы өрт болған жерден куәгерлер түсірген видео жарияланған. Кадрлардан өрт сөндіруші өртке оранған автомобильді сөндіріп жатқанын көруге болады. Артынша жарылыс болады.

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Майлин көшесінде жеңіл көлік 15 маусымда сағат 12:21-де өртенгенін хабарлады.

"Өртті сөндіру үшін бір бірлік техника мен №6 өрт сөндіру бөлімшесінің жеке құрамының алты қызметкері жұмылдырылды. Өрттің себебі анықталып жатыр", — делінген хабарламада.

Ал видеодағы өрт сөндіруші зардап шекпеген.

Social Link

Follow Me On Social Media