What are you looking for?

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 4 айда 13,3 млрд долларға жетті

16.06.2025

Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы биыл төрт айда 13,3 млрд долларға жетті. Оның 35 пайызы экспортқа тиесілі. Аспан асты елінен бізге негізінен көлік, медициналық құрылғылар, киім-кишек жеткізіліпті. Ал бізден Қытайға мұнай мен химиялық тыңайтқыштар тасымалданған. Жалпы, ширек ғасырдан астам уақытта екі ел арасындағы алыс-беріс 100 есе өсіп, былтыр 40 миллиард доллардан асты. Қазір Қазақстанда қытайлық инвесторлар ашқан 5 мың компания жұмыс істейді. Олар жалпы сомасы 66 млрд долларға барлығы 224 инвестициялық жобаны іске асырды.

Жанел Өтеулі

Social Link

Follow Me On Social Media