What are you looking for?

Көкшетауда 4 жасар бала пәтерде қамалып қалды

18.06.2025

Көкшетауда 4 жасар бүлдіршін көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерде жалғыз өзі қамалып қалған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Құтқарушыларға пәтер есігі құлыпталып, ішінде балақай жалғыз қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түскен. Шақырту мекенжайы бойынша төтеншеліктер оқиға орнына дереу жетті. Құтқарушылар шанц саймандарының көмегімен есікті ашып, пәтердің ішіне кірді. Бала аман-есен, анасына тапсырылды.

Ақмола облыстық ТЖД балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Social Link

Follow Me On Social Media