What are you looking for?

«Биік сезім» фильмі көрерменге жол тартты

19.06.2025

Алматыда премьерасы өткен «Биік сезім» фильмі көрерменге жол тартты. Шаһардағы Kinoplexx SaryArka кинотеатрында таныстырылған жаңа отандық комедия – Our Media Group продюсерлік компаниясының өнімі.

Фильмнің басты кейіпкері Биік – ширақ, бойы аласа жігіт. Өзінің курьерлік компаниясы бар. Материалдық жағдайы жаман емес. Өмірлік жарын кездестіре алмай жүрген ол бір күні жол апатына түсіп, бойшаң әрі көрікті қыз Сезіммен танысады. Екеуі де бір-бірін ұнатқанымен, сезімдерін жеткізе алмайды.

Алмат Шадмат, фильмнің бас продюсері:

Бұл жерде Ерлан, фильмдегі Биік өз сезімін білдіруі үшін, Аружанның жүрегін жаулап алу үшін біраз ерлік жасайды. Біраз жігітке сай қасиетін көрсетеді.

Десе де, қос ғашық бірінің бойшаң, екіншісінің бойы аласа болғанына қарамастан, қол ұстасып, бақытты болып кете ме деген сұрақтың жауабын шығармашылық ұжым құпия қалдырған. Оны тек кинотеатрлардан біле аласыз.

Мақсат Оспанов, фильмнің режиссёрі:

Биік сезім деген әр қызда болады ғой. Ұзын қыздар өзіне лайықты бойы ұзын жігіттерге қарайды дегендей. Кейде таппай жатады. Мағына бойға емес, ішкі жан дүниесіне қараса екен, сезіміне қараса деген ой айтқымыз келді.

Ерлан Пірімбетов, актёр:

Адамға қанша ғылым бер, білім бер үйіндегі тәрбиесі дұрыс болмаса, қоршаған ортаға опат алып келеді дейді. Бұл фильмде Биіктің де, Сезімнің де тәрбиелі екенін көрсетеді.

Басты рөлдерді Ерлан Пірімбетов, әнші әрі актриса Аружан Бекболат, Тәуекел Мүсілім, Бейнұр Баймұхамбетов және Айшолпан Байтүгел сынды актёрлер сомдаса, волейболдан «Ару-Астана» әйелдер командасы да фильмнің сапалы шығуына атсалысқан. Романтикалық комедия еліміздің барлық кинотеатрынан көрсетіледі.

Қуан Нұрақын

Social Link

Follow Me On Social Media