Израиль сейсенбіде (Астана уақыты бойынша 5:30) Тегеран уақыты бойынша 4:00-ге дейін соққыны тоқтатса, Иран жауап қайтаруды тоқтатады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы 24 маусымда Иран СІМ басшысы Аббас Аракчи Х желісінде жазды.
"Қазір атысты немесе соғыс қимылдарын тоқтату туралы "келісім" жоқ. Израиль режимі Иран халқына қарсы заңсыз агрессиясын Тегеран уақыты бойынша сағат 4:00-ден кешіктірмей тоқтатқан жағдайда біз өз әрекеттерімізді жалғастыруға ниет білдірмейміз", — деп жазды ол.
Министр соғысты Иран емес, Израиль бастағанын мәлімдеді.
"Әскери операцияларымызды тоқтату туралы соңғы шешім кейінірек қабылданады", — деді ол.
As Iran has repeatedly made clear: Israel launched war on Iran, not the other way around.
As of now, there is NO "agreement" on any ceasefire or cessation of military operations. However, provided that the Israeli regime stops its illegal aggression against the Iranian people no…
— Seyed Abbas Araghchi (@araghchi) June 24, 2025
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!