ТЖМ ресми Telegram-арнасында шатырлардан қар түсіп, мұз құлаған жағдайда не істеу керектігі туралы негізгі ұсынымдарды жария етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
️Ғимараттардың шатырынан қардың түсу қаупі төнген кездегі негізгі ұсынымдар мен сақтық шаралары:
қар түсуі мүмкін үйлердің шатырына жақындамаңыз, мұндай жерлерде балалардың болуына жол бермеңіз;
көліктерді карниздерінде мұз қатқан және қар тұрған құрылыстарға жақын қалдырмаңыз;
қауіпті жердің қоршауы болған кезде қоршаудан өтіп кетпеңіз, қауіпті жерлерді басқа жолмен айналып өтіңіз;
құлаққаптарды қолдаңбаңыз, төбеден құлап жатқан қардың шуын естімейсіз.
"Назар аударыңыз! Егер табанжолмен жүріп бара жатқанда сіз төбеде күмәнді шу естіген болсаңыз — тоқтамаңыз. Бәлкім, бұл қардың немесе мұздың құлауы болар. Ғимараттан қашуға да болмайды. Тезірек ғимараттың қабырғасына жақындап тұрыңыз, шатырдың күнқағары бүркеме қызметін атқарады", — делінген хабарламада.