Полиция Алматы әуежайында болған оқиға туралы жаңа мәліметтер берді . Белгілі болғандай ер адам пышақпен жолаушыларды қорқытып, қол дорбасында «бомба» бар екенін айтқан.
Үш қылмыстық іс қозғалды: кепілге алу (ҚР ҚК 261-бабы 2-бөлім 4-тармағы) – мүлкін тәркілеумен 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қару қолдану арқылы бұзақылық жасау (ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігі) – 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Терроризм актісі туралы жалған хабар беру (ҚР ҚК 273-бабы) – 5000 МРП дейін айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сот шешімімен күдіктіге екі айға қамауда ұстау түріндегі шара қолданылды. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен еліміздің әуежайлары мен вокзалдарының қауіпсіздік жүйесіне кешенді тексеру жүргізілуде.