What are you looking for?

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр

27.06.2025

gov.kz

Биылғы 5 айда жалпы ішкі өнім 6% өсті. Бюджеттегі мұнайдан бөлек, кірістердің үлесі өткен жылы 2,5% артқан. Қазір елде инфляция 8,6-ға дейін төмендеді. Бұл жайында Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қаржы министрі Мәди Тәкиев баяндады.

2024 жылға арналған Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінде министр Ұлттық қордың активтері 16% өсіп, 66,2 млрд АҚШ долларына жеткенін атап өтті. Елде «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында екі жылда 7 миллионға жуық баланың есепшотына 233 доллардан есептелген. Сондай-ақ былтыр бюджет шығыстары 97,8% орындалды. Есепті кезеңде әлеуметтік сала, инфрақұрылымдық жобалар сияқты бірқатар бағыт межеленген жоспарға сай қаржыландырылды. Ал қазына қаржысын тиімсіз пайдалану сомасы 24% төмендеп, 372 млрд теңге болған. Бюджет қаражатын игермегені және көрсеткіштерге қол жеткізбегені үшін 73 лауазымды тұлға, оның ішінде 67 басшы тәртіптік жазаға тартылды.

Social Link

Follow Me On Social Media